Қазақстанда маңызды металдар қорын басқарудың ұлттық жүйесі құрылады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев геологиялық барлау тәсілдерін түбегейлі өзгертуді тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында геологиялық барлау тәсілдерін түбегейлі өзгертіп, маңызды металдар қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құру қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кәсіпкерлермен бірлесіп, жыл соңына дейін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда. 

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуын жеделдету үшін жаңа тетіктер әзірлеу қажет. Минералдар мен шикізатқа бай ел үшін жер қойнауын тиімді зерттеп, жаңа кен орындарын анықтау стратегиялық маңызға ие.

Президент геологиялық барлау жұмыстарында бұрынғы әдістерге сүйену жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның сөзінше, озық технологияларды пайдаланып, жер қойнауы туралы деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар жаңа кен орындарын іздеу мен барлауға жеке инвестиция тартуға басымдық берілуі қажет. Мемлекет басшысы әлемде маңызды металдардың рөлі артып келе жатқанын атап өтіп, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда олардың қорын тиімді басқарудың ұлттық жүйесін құруды ұсынды.

"Аталған жүйеде тау-кен саласындағы жобаларды ұзақмерзімді қаржыландыруға мүмкіндік беретін нақты тетіктер болуға тиіс. Елімізде осы бағытта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындармен оффтейк-келісімшарт жасау арқылы кепілді сұранысты қамтамасыз еткен жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл міндетті кәсіпкерлермен бірлесіп талқылап, жыл соңына дейін нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау