Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап жатыр. Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық телеарналар мен ресми интернет-платформаларда тікелей эфирде көрсетілуде.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып жатыр.
Жолдауды республикалық телеарналардан, Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан, сондай-ақ Jibek Joly телеарнасының YouTube арнасынан және Kazinform сайтынан көруге болады. Жолдаудың мәтіні агенттіктің Telegram арнасында жарияланады.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасап, алдағы жоспарларды айқындайтынын айтқан болатын. Мемлекет басшысы былтыр "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауын жариялаған еді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабына сәйкес, Президент Қазақстан халқына елдегі жағдай мен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды.