Асқар Жұмаділдаев атындағы олимпиадада екі мұғалім автокөлік жеңіп алды

Академик Асқар Жұмаділдаев атындағы олимпиада жеңімпаздары
Академик Асқар Жұмаділдаев атындағы олимпиада жеңімпаздары
Мұғалімдердің бірі математика пәні бойынша үздік шықса, екіншісі физика бойынша топ жарды.

Белгілі математик, академик Асқар Жұмаділдаевтың 70 жылдық мерейтойына орай өткен физика және математика пәндерінің жас мұғалімдері арасындағы қалалық олимпиадада екі жеңімпаз мұғалімге су жаңа автокөліктердің кілті табысталды. 

Бұл олимпиада жас педагогтердің кәсіби шеберлігін дәріптеуге, олардың зияткерлік әлеуетін қолдауға және қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыруға бағытталған болатын. Білім додасына Алматы қаласындағы 75-тен астам мектептен 115 жас мұғалім қатысып, олардың 45-і жүлделі орындарға ие болды. 

Ал байқауда гран-приге ие болған екі мұғалім Changan автокөлігін мінді. Олар – математикадан үздік шыққан №208 мектеп-гимназияның мұғалімі Еркегүл Шынарбек пен физика саласының білгірі №126 мамандандырылған лицейдің мұғалімі Айсана Советхан. 

"Олимпиадаға  жеңіс үшін емес, өзімізді тұрақты түрде дамыту үшін  қатысамыз. Осы жолғы жеңіс күтпеген тосын сый болды. Нәтижені көрген кезде өте қатты толқыдым. Бұл – олимпиада  керемет бастама және мұғалімдердің мәртебесін көтеруге, өзара тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Педагог мамандығы тұрақты түрде даму талап етеді,  біз үнемі ізденіс үстіндеміз", – деді Еркегүл Шынарбек. 

Айта кетейік, көліктерді жеңімпаздарға Beta High School жекеменшік мектебі сыйға тартты.

Сонымен қатар, олимпиада қорытындысы бойынша Гран-приден бөлек, бес мұғалім І орын, 12 педагог ІІ орын, 26 қатысушы ІІІ орын иеленді. Бұл нәтижелер қала мектептерінде жоғары кәсіби әлеуетке ие жас педагогтер буыны қалыптасып келе жатқанын көрсетті. 

Шара академик Асқар Жұмаділдаевтың 70 жылдық мерейтойына орай өтті. Қазақ математика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның өмір жолы мен ғылыми ұстанымы – білімге адалдықтың, терең ойлаудың және үздіксіз ізденістің жарқын үлгісі. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау