Алматы облысының Талғар ауданында 29-31 қазан аралығында "Демалыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осыған байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық орындар мен адам көп жиналатын жерлерде бақылауды күшейтті.
Талғар аудандық полиция басқармасының мәліметінше, іс-шараның мақсаты – құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз әрекеттерге жол бермеу. Осы мақсатта полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындарда, ойын-сауық мекемелерінде, көшелерде және адам көп жиналатын аумақтарда профилактикалық жұмысты күшейту тапсырылған.
"Барлық полиция қызметкеріне қоғамдық орындарда, ойын-сауық мекемелерінде, көшелерде және адамдар көп жиналатын жерлерде профилактикалық жұмысты күшейту, сондай-ақ құқық бұзуды анықтау және олардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды", – деп хабарлады полиция.
Полиция қызметкерлеріне қызмет барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қатаң сақтау міндеттелген.
Ведомство мәліметінше, іс-шара кезінде анықталған құқықбұзушылықтардың барлығы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.