Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,52 теңгеге қымбаттады. Күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 455,63 теңге болды.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 451,05 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды 451,88 теңгеден сатып алып, 458,88 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағамы 503,88 теңге, сату бағамы 513,88 теңге болды. Ал рубль 5,40 теңгеден сатып алынып, 5,60 теңгеден сатылып жатыр.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 454,84 теңгеден сатып алынып, 457,36 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 505,57–509,94 теңге аралығында қалыптасты. Ресей рублі 5,38–5,50 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы айырбастау пунктіне қарай өзгеруі мүмкін.