Токио, Бангкок, Салала: Қазақстаннан қысқы маусымда қай елдерге тікелей ұшуға болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Дубай, Бангкок және Пхукетке рейстер жиілейді.

Air Astana әуе компаниясы 2026 жылғы 25 қазаннан 2027 жылғы 27 наурызға дейін күзгі-қысқы кесте бойынша жұмыс істейді. Осы кезеңде бірнеше жаңа халықаралық бағыт ашылып, танымал туристік қалаларға рейстер саны артады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Air Astana күзгі-қысқы маусымда жаңа халықаралық бағыттарды іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстердің басталу мерзімі мен жиілігі төмендегідей:

  • Алматы – Токио (Жапония) – 30 қарашадан бастап, аптасына екі рет;
  • Астана – Бангкок (Таиланд) – 11 желтоқсаннан бастап, сейсенбі және жұма күндері;
  • Алматы – Лангкави (Малайзия) – 25 желтоқсаннан бастап, сейсенбі, жұма және жексенбі күндері;
  • Алматы – Салала (Оман) – 23 қазаннан бастап, жұма күндері;
  • Астана – Салала (Оман) – 24 қазаннан бастап, сенбі күндері.

Сонымен қатар әуе компаниясы бірқатар маусымдық рейстерді қайта жандандырады. Алматыдан Мале бағытына аптасына алты рет ұшуға болады. Жаңа жыл мерекесі мен Наурыз кезінде рейстер саны аптасына жетіге дейін көбейеді.

Алматы – Фукуок бағыты бойынша рейстер аптасына бес рет орындалып, желтоқсаннан бастап күнделікті қатынауға көшеді. Астанадан Фукуокқа аптасына үш рейс жоспарланған.

Қысқы маусымда әуе компаниясы жолаушылар сұранысы жоғары бағыттардағы рейстер санын да арттырады.

  • Алматы – Дубай – аптасына 12 рейске дейін;
  • Астана – Дубай – аптасына 10 рейске дейін;
  • Алматы – Бангкок – аптасына жеті рейске дейін;
  • Алматы – Пхукет – аптасына жеті рейске дейін.

Жаңа рейстер Airbus A320neo және A321LR ұшақтарымен орындалады. Әуе компаниясы сапар кестесі өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Жолаушыларға рейс мәртебесін Air Astana ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан тексеру ұсынылады.

Айта кетейік, 2027 жылы Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейс ашылуы мүмкін. Қазір Қазақстан АҚШ-қа тікелей ұшуға қажет рұқсат алуға дайындалып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау