Алматыда компаниялар тротуар төсеу кезінде жиі заң бұзатыны анықталды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда көріктендіру ережесін бұзған 43 компанияға 5,7 млн теңге айыппұл салынды.

Алматыда құрылыс нысандарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде көріктендіру ережесін бұзған 43 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 5,7 млн теңге. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері хабарлады.

Тексеру 30 қыркүйектен бастап қаланың барлық ауданында жүргізілген. Мамандар құрылыс және жөндеу жұмыстары кезінде экологиялық талаптар мен көріктендіру ережелерінің сақталуын бақылаған.

"Мониторинг барысында тротуарларға брусчатка төсеу және жиектас орнату кезінде талаптардың жиі бұзылатыны анықталды. Осыған байланысты 33 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл тәртіп бұзған ұйымдардың жалпы санының 77 пайызы. Сонымен қатар ғимараттардың қасбетін жөндеу кезінде талаптарды сақтамаған бес ұйымға, кәріз және инженерлік желілерді тарту барысында заңбұзушылыққа жол берген төрт компанияға айыппұл салынды. Арық желілерінде жұмыс жүргізу кезінде ереже бұзған тағы бір компания жауапқа тартылды", – делінген хабарламада.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 1 340 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең әкімшілік айыппұл салынды. Бұл – 5,7 млн теңге.

Eco Almaty мәліметінше, құрылыс нысандарына мониторинг жүргізудің мақсаты – қала аумағында экологиялық талаптар мен көріктендіру ережелерінің сақталуын бақылау.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау