Батыс Қазақстан облысында автокөлік және автожол саласы қызметкерлері құрметке бөленді

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Облыста 2023-2026 жылдары жалпы құны 258 млрд теңгеге 1,5 мың шақырымнан астам автомобиль жолын салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары атқарылды.

Оралдағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармонияның камералық залында Автожол саласы және автомобиль көлігі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын мен концерт өтті. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, автожолшыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Қазақстан халқына Жолдауында көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударғанын атап өтті.

"Президентіміз Жолдауда: "Біз Қазақстанның барлық аймағын байланыстыратын, яғни, еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтетін заманауи, өте дамыған теміржол және көлік жолдарының тұтас желісін құруымыз керек. Бұл – стратегиялық міндет", – деп атап көрсетті. Бұл міндетті жүзеге асыруда жолшылар мен көлік саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, ел экономикасының дамуына тікелей ықпал етеді", – деді Нариман Төреғалиев.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Өңірде жол инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2023-2026 жылдары жалпы құны 258 млрд теңгеге 1,5 мың шақырымнан астам автомобиль жолын салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары қамтылды.

Қазіргі таңда облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 мың шақырымнан асады. Оның 1 349 шақырымы – республикалық, 4 714 шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар. Республикалық жолдардың 98 пайызы, жергілікті жолдардың 60 пайызы нормативтік талаптарға сәйкес келеді.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты жиында автожол және автомобиль көлігі саласының дамуына үлес қосқан қызметкерлер мен ардагерлерге Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің салалық марапаттары, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау