Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,1 теңгеге қымбаттап, 457,09 теңгеге жетті. Ұлттық банктің ресми бағамы – 455,63 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау орындарында валюта бағамы мынадай:
- Доллар: сатып алу – 452,02 теңге, сату – 459,02 теңге;
- Еуро: сатып алу – 503,05 теңге, сату – 513,05 теңге;
- Рубль: сатып алу – 5,45 теңге, сату – 5,65 теңге;
Ал Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 454,86 теңгеден сатып алынып, 456,90 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 504,70–508,60 теңге аралығында. Рубль 5,38–5,50 теңгеден саудаланып жатыр.