Тоқаев: Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол берілмейді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Ірі инфрақұрылымдық бастамаларға қажетті құрылыс материалдары, металл конструкциялар, инженерлік жабдықтар Қазақстанда өндірілуі қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында "Халықтық құрылыс" бағдарламасына қажет материалдардың барлығы өз елімізде өндірілуі қажет екенін мәлімдеді. 

"Өндіру және өңдеу жұмысымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және сату жүйесін жетілдірген жөн. Ірі холдингтерден бастап, шағын шаруа қожалықтарына дейін агрологистика орталықтарының қызметін кедергісіз пайдаланатын мүмкіндік болуға тиіс. Жалпы, халықтық құрылыс аясында ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту ісіне де баса мән беру керек. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Сондықтан Үкімет пен "Бәйтерек" холдингі бірлесіп, нақты шешімдерді қабылдауы қажет", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы экономиканың негізгі салаларын дамыту үшін өнімді терең өңдеумен айналысатын, еңбек өнімділігін арттыратын жобаларға басымдық беру қажет екенін және бұл басты талап екенін атап өтті.

"Әсіресе, ірі инфрақұрылымдық бастамаларға қажетті құрылыс материалдарын, металл конструкцияларын, инженерлік жабдықтарды өз елімізде өндірген жөн. Мұндай жобалар "Халықтық құрылыс" бағдарламасының тірегіне айналуы керек деп санаймын. Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол беруге болмайды. Бұл – маңызды талап. Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін озық технологиясы бар, қажетті сараптамалық тәжірибесі және жаһандық нарықтарға шығу мүмкіндігі зор әлемнің жетекші компанияларын, солардың ішінде отандық компанияларды да тартқан жөн. Инвестицияның тиімділігі жұмыс істей бастаған өндіріс орындарының санымен, сапасымен және оның экономикаға қосқан нақты үлесімен бағалануға тиіс", – деді Қазақстан президенті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау