Харри Кейн "Алтын доп-2026" жүлдесін жеңіп алды

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Футболшы соңғы 45 жылда бұл марапатқа ие болған "Баварияның" алғашқы ойыншысы атанды.

"Бавария" клубы мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн мансабында алғаш рет 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесін иеленді.

Өткен маусымда 33 жастағы шабуылшы Мюнхен клубымен бірге Германия чемпионатын, ел кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар ол Бундеслиганың үздік сұрмергені атанып, 36 гол соқты. Англия құрамасымен бірге әлем чемпионатында үшінші орынға ие болды.

Бұл жеңіс бірнеше тарихи жетістікке жол ашты. Кейн "Алтын допты" алған бесінші ағылшын футболшысы атанып, жүлдені 25 жылда алғаш рет Англияға қайтарды. Бұған дейін марапатты Стэнли Мэттьюз, Бобби Чарльтон, Кевин Киган және Майкл Оуэн иеленген.

Сондай-ақ Кейн соңғы 45 жылда "Алтын допты" алған "Баварияның" алғашқы ойыншысы болды. Бұған дейін бұл жүлде Карл-Хайнц Румменигге, Герд Мюллер және Франц Беккенбауэрге берілген. Бұдан бөлек, бұл – 1996 жылы Маттиас Заммер жеңіске жеткеннен кейін Германия Бундеслигасының өкілі алған алғашқы "Алтын доп".

Жүлдені француздардың France Football журналы тағайындаған. 2022 жылдан бастап марапат күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша емес, спорттық маусым нәтижелері негізінде беріледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау