Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,27 теңгеге қымбаттады. Сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 453,87 теңге болды.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 453,71 теңге.
Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау орындарында шетел валюталары мына бағамен саудаланып жатыр:
- доллар: сатып алу – 449,99 теңге, сату – 456,99 теңге;
- еуро: сатып алу – 502 теңге, сату – 512 теңге;
- рубль: сатып алу – 5,37 теңге, сату – 5,57 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 452,86 теңгеден сатып алынып, 454,73 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 503,99-507 теңге аралығында болса, рубль 5,36-5,47 теңгеден саудаланып жатыр.