Жеті МҚҰ-ның лицензиясы кері қайтарылды: клиенттер нені білуі керек

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
MaxMoney, Vivus және тағы бес МҚҰ лицензиясынан айырылды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеті микроқаржы ұйымын (МҚҰ) микроқаржылық қызмет көрсету лицензиясынан айырды. Бұған тексеру барысында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзуға әкелген заңнама талаптарының жүйелі түрде сақталмауы себеп болған.

Агенттіктің мәліметінше, 2026 жылғы 23 қазандағы бұйрықтар негізінде мына ұйымдардың лицензиялары тоқтатылды:

  • "MaxMoney" МҚҰ ЖШС – №67 бұйрық;
  • "Microfinance Systems" МҚҰ ЖШС – №68 бұйрық;
  • "SurfKaz Finance" МҚҰ ЖШС – №69 бұйрық;
  • "MFO №1" МҚҰ ЖШС – №70 бұйрық;
  • "Умит Финанс" МҚҰ" ЖШС – №71 бұйрық;
  • "Вивус" МҚҰ" ЖШС – №15 бұйрық;
  • "EL QAZYNA" МҚҰ" ЖШС – №16 бұйрық.

Ведомствоның хабарлауынша, шешімдер тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, жосықсыз практикалардың алдын алуға және микроқаржы нарығына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Агенттік микроқаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған тәсілмен қадағалауды жалғастыратынын мәлімдеді. Қадағалау барысында қарыз алушылардың құқықтарын сақтау және анықталған бұзушылықтарға заңнамаға сәйкес шара қолдану мәселелеріне басымдық беріледі.

Лицензиясынан айырылған ұйымдардың клиенттері не білуі керек?

"Лицензиясынан айырылған микроқаржы ұйымдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. Сондай-ақ жекелеген жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы микрокредит шарттарының талаптарын өзгерте алмайды. Заңнамаға сәйкес, лицензиясынан айырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ұйым атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді және оның микрокредит беретінін білдіретін өзге де сөздер мен қысқарған атауларды алып тастап, қайта тіркеуден өтуге міндетті. Балама ретінде ол қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауы керек. Ал микрокредит шарты бойынша орындалмаған міндеттемелері бар клиенттер қарызын шарт талаптарына сәйкес өтеуге міндетті. Міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік те қолданыстағы шарттар мен заңнамаға сәйкес сақталады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау