Атырауда "Алтын домбыра" халықаралық күй байқауы басталды

Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі
Оған Қазақстаннан бөлек, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Түрікменстан өнерпаздары қатысады.

Атырауда халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы XVII "Алтын домбыра" халықаралық жеке домбырашылар және үш ішекті халық аспаптарында орындаушылар байқауы басталды. Биыл өнер додасына Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінен, сондай-ақ Атырау облысы мен еліміздің өзге өңірлерінен 23 өнерпаз қатысуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықаралық байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар "Той бастар", "Жас екпін", "Фантазия", "Шаттық отаны" және "Жігер" күйлерін орындауы тиіс. Сонымен қатар қазіргі заманғы композиторлардың шығармаларынан өз таңдауы бойынша бір күй ұсынады.

Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Ал екінші кезеңде қатысушылар Құрманғазының "Балқаймақ", "Төремұрат" және Дина Нұрпейісованың "Өттің дәурен" күйлерін орындайды. Шет мемлекеттерден келген өнерпаздар "Балбырауын", "Рондо", Әзидолла Есқалиевтің шығармаларын, сондай-ақ қазақ композиторларының және өз елдерінің ұлттық туындыларын орындап, өнер көрсетеді.

Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Байқауға қатысушылардың бірі Есен Нұрасыл үшін бұл – алғашқы халықаралық өнер додасы. Ол сайысқа екі ай бойы дайындалған.

"Домбыра тартуды оқушы кезімнен бастап үйрендім. Бұл – менің алғашқы байқауым. Сайыста Әзидолла Есқалиевтің бір шығармасын, "Той бастар" күйін және жеребе арқылы таңдалатын тағы бір күйді орындаймын", – деді қатысушы Есен Нұрасыл.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау