Алматыда 25 жастағы ер адам есірткіге қатысты күдікпен ұсталды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Каршеринг көлігінен 30 орам табылды.

Алматының Наурызбай ауданында полицейлер синтетикалық есірткінің ірі партиясын анықтады. Күдікке ілінген 25 жастағы ер адам ұсталды. Көліктен және оның үйінен есірткіге ұқсас заттар табылған, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері каршеринг көлігін тексеру кезінде жолаушылар орындығынан сөмке тапқан. Оның ішінде скотчпен оралған 30 орам болған. Орамдардан ақ түсті ұнтақ тәрізді зат табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл зат мефедрон болуы мүмкін. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір келіден асқан.

Бұдан бөлек, күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде шамамен бір келі ұнтақ тәрізді зат салынған контейнер және өсімдік тектес зат салынған екі орам табылған. Соңғы заттың гашиш болуы мүмкін екені болжанып отыр. Оның жалпы салмағы шамамен 50 грамм болған.

Полицияның хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған азамат есірткі тарату желісінде курьер болып жұмыс істеген.

"Ол мессенджер арқылы жасырын қоймалардың координаттарын алып, тыйым салынған заттарды алып кетіп, әрбір осындай тапсырмасы үшін ақы алған", – деп мәлімдеді полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Олардың нақты құрамы зерттеу нәтижесінде анықталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау