Вьетнамның әуе компаниясы Алматыдан Ханой мен Прагаға ұшатын рейстерге жеңілдіктер ұсынды

Фото: VietJetAir
Фото: VietJetAir
Билет бағасы 135 АҚШ долларынан басталады.

Вьетнамдық Vietjet әуе компаниясы Алматыдан Ханойға және Прагаға ұшатын рейстеріне 135 АҚШ долларынан басталатын жаңа тарифтік билеттер ұсынатынын хабарлады. 

Акциялық Eco тарифімен билеттерді биылғы 1 қараша күнгі сағат 21:00-ге дейін сатып алу қажет. Бұл билеттер 2026 жылғы 1 қараша мен 2027 жылғы 31 наурыз аралығындағы рейстерге жарамды. 

Сондай-ақ, компания халықаралық бағыттар желісін кеңейту мақсатында Ханой – Тайнань бағытын іске қосып, Хошимин – Чиангмай рейстерін қайта іске қосатынын хабарлады. Әр бағыт бойынша рейстер аптасына төрт рет орындалады. 

"Жаңа бағыттар қазақстандық саяхаттаушыларға Вьетнам арқылы Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапарлаудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. Сонымен қатар олар Азиядағы туризмнің, сауданың және мәдени алмасудың дамуына ықпал етеді. Бұл бағыттар Vietjet-тің халықаралық маршруттар желісін одан әрі толықтырады. Қазіргі бағыттар қатарында Алматы – Ханой мен Алматы – Прага рейстерімен қатар, Хошимин – Мальдив аралдары, Ханой және Хошимин – Себу, Хошимин – Кларк, Ханой – Алматы және Алматы – Прага бағыттары бар", – делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, Vietjet 10 қазанда Алматы – Ханой және Алматы – Прага рейстерін ресми түрде ашты. Алматы мен Ханой арасындағы ұшу ұзақтығы шамамен 6 сағат 10 минутты, ал Алматы мен Прага арасында шамамен 7 сағат 35 минутты құрайды. Рейстер заманауи кең фюзеляжды Airbus A330 ұшақтарымен аптасына екі рет орындалады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау