Алматыдан Фукуок аралына тікелей туристік рейс ашылды. Ендігі кезек – Астана

Фото: Fun&Sun Kazakhstan
Фото: Fun&Sun Kazakhstan
Елорда тұрғындары алғашқы рейске 27 желтоқсанда куә болады.

Sun PhuQuoc Airways әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Фукуок аралына тікелей рейстерді іске қосады. Алматыдан алғашқы рейс 26 қазанда аттанса, ал Астанадан алғашқы рейс 27 желтоқсанға жоспарланып отыр. 

Алматы әуежайындағы салтанатты рәсімде әуе компаниясының Қазақстандағы бас агенті – Fun&Sun Kazakhstan туроператорының дирстриубция директоры Алмас Тұрсынбайдың айтуынша, бұл әзірге маусымдық рейс болмақ. Желтоқсанның соңына бұл бағытта ұшақтар аптасына үш рет қатынаса, кейін жиілігі аптасына бес мәртеге дейін артады. Сондай-ақ, желтоқсан соңында Фукуокқа рейс Астана қаласынан да ашылады. Ал маусым наурыз айына дейін созылады. 

"Біз Sun PhuQuoc Airways әуе компаниясының серіктесі болғандықтан, бұл – біздің эксклюзивті рейсіміз болмақ. Яғни, біздің компаниямыз арқылы тур алған адамдар осы рейспен ұша алады", – деп нақтылады Алмас Тұрсынбай. 

Алматы – Фукуок бағыты бойынша 183 жолаушыға арналған Airbus A321 ұшақтары қатынайды. Ұшу ұзақтығы шамамен 7 сағат 30 минут болады.

Астанадан Фукуокқа 247 жолаушыға арналған кең фюзеляжды Airbus A330-200 ұшақтарын пайдалану жоспарланған. Ұшақтарда үш қызмет көрсету класы қарастырылған: 20 орындық бизнес-класс, 21 орындық премиум-эконом және 206 орындық эконом-класс. Ұшу уақыты шамамен 7 сағат 45 минутты құрайды.

Жолаушыларға бортта тамақ пен ойын-сауық қызметтері ұсынылады. Тегін багаждың салмағы 23 келіден, ал қол жүгінікі 7 келіден аспауға тиіс.

Мультимедиалық мүмкіндіктер ұшақ түріне байланысты болады. Алматыдан ұшатын рейстерде жолаушылар ойын-сауық контентін өз құрылғылары арқылы пайдалана алады. Ал Астанадан қатынайтын рейстерде орындықтардың арқалығына орнатылған жеке экрандар болады.

Фукуок – Вьетнамдағы ең үлкен арал. Ол Сиам шығанағында, Камбоджа жағалауына жақын орналасқан. Соңғы жылдары арал халықаралық жағажай туризмінің танымал бағыттарының біріне айналып келеді.

Аралдың артықшылықтарының бірі – жыл бойы туристерді қабылдауға мүмкіндік беретін тропикалық климаты. Дегенмен жағажайда демалуға ең қолайлы кезең әдетте қараша мен сәуір айларының аралығындағы құрғақ маусым саналады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау