Алматы облысында балаларға заңсыз діни дәріс оқыған тұрғын жазаланды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ал балаларының не оқып жүргенін қадағаламаған ата-аналарға ескерту жасалды.

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылының тұрғыны өз үйінде кәмелетке толмаған балаларға араб тілі мен Құраннан заңсыз дәріс оқып келген. Бұл туралы Алматы облысы Дін істері басқармасы хабарлады. 

Ауыл тұрғыны деструктивті діни ағымды ұстанатыны белгілі болды. Ювеналдық полиция, жергілікті полиция қызметі, прокуратура, облыстық Дін істері басқармасы, сондай-ақ ішкі саясат және білім бөлімдерінің өкілдерінің бірлескен тексеруінен кейін ол ұсталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабы аясында ескерту берілді. Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты түрде жалғасатынын ескертеді", – делінген облыстық Дін істері басқармасының хабарламасында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау