Қазақстан мектептерінде буллингке қарсы 14 мыңнан астам педагог даярланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Оқушылар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсетілген.

Қазақстанда биыл тоғыз айда психологиялық қолдау орталықтары 17 мыңға жуық бала мен 9 мың ата-анаға көмек көрсеткен. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында мәлімдеді.

Үкімет отырысында "Заң мен тәртіп" конституциялық қағидатын іске асыру мәселелері қаралды. Министрдің айтуынша, мектептерде оқушыларға заң талаптарын түсіндіру және қауіпсіздік ережелерін үйрету жұмыстары білім беру ұйымдарында жайлы психологиялық орта қалыптастыру шараларымен қатар жүргізіліп жатыр.

"Биыл тоғыз ай ішінде психологиялық қолдау орталықтары 17 мыңға жуық бала мен 9 мың ата-анаға консультациялық және психологиялық көмек көрсетті", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Буллингке қарсы бағдарлама жүзеге асырылып жатыр

Министрдің мәліметінше, педагог-психологтарға арналған 21 мың әдістемелік іс-шара өткізілген.

Сонымен қатар мектептерде буллингке қарсы бағытталған "ДосболLIKE" бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама аясында 14 850 педагог даярланып, 70 оқыту іс-шарасы ұйымдастырылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау