Алматыда дүкенге келген көліктерді аулаға кіргізбей қоюға бола ма?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Дүкенге келген көліктерге шлагбаумды ашпай, аулаға кіргізбей қою - заңсыз әрекет болып шықты.

Алматыда көппәтерлі үйлердің аулаларына орнатылған шлагбаумдар тұрғындар мен кәсіпкерлердің арасында дау туғызады. Бірі бөгде көліктердің кіруіне мүлдем рұқсат бермесе, енді бірі дүкенге, дәріханаға немесе дәмханаға келген азаматтарды да аулаға кіргізбейді, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Заңгерлердің түсіндіруінше, егер аула ортақ пайдаланудағы аумаққа жатса, оған кіруге толық тыйым салу дұрыс емес. Өйткені тұрғын үйдің ішіндегі коммерциялық нысандардың иелері де өз аумағына келетін клиенттердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүдделі.

Заңгер Алина Шынтаеваның айтуынша, шлагбаум орнату мәселесі кондоминиум нысанының меншік иелері мен тұрғын емес үй-жай иелерінің қатысуымен қаралуы керек.

"Шлагбаум қояр алдында "протокол кондоминиум" деген бар. Сол үйлердің иелері тұрғын емес үй-жайдың иесімен қосылып, жиналыс өткізгеннен кейін ғана барып келіседі. Барлық мәселеге қатысты шектеу енгізе алады. Заңға сай. Соған байланысты шлагбаум орнатқаннан кейін кімге кіруге болады, кімге болмайтыны көрсетіледі", – деді заңгер.

Көлік қозғалысын шектеуге болады, бірақ толық тыйым салуға болмайды

Маманның айтуынша, аулаға кіру тәртібін белгілеуге болады. Алайда мұндай шешім тиісті талаптарға сай қабылданып, жиналыс хаттамасымен рәсімделуі керек. Ал егер жүргізуші аулаға дүкенге, дәріханаға немесе басқа нысанға бару үшін емес, көлігін қою мақсатында кіргісі келсе, тұрғындар қауіпсіздік пен тұрақ мәселесіне байланысты оған шектеу қоя алады.

Алматыда шлагбаум орнату кезінде аудандық әкімдікке хабарлау қажет. Сонымен қатар қоршау жедел жәрдем, полиция және төтенше жағдайлар қызметінің жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Сондай-ақ шлагбаумның орнына бетон блоктар немесе шынжыр қойып, аулаға кіру жолын бөгеуге тыйым салынады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау