Алматыдағы мешіттердің бірінде ер адамның Samsung телефонын ұрлаған сәті бейнекамераға түсіп қалған.
Әуезов ауданының полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірді. Ер адам ұрлық жасағанын мойындады.
"Күдікті осыған дейін бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада ер адамның мешітте намаз оқып отырған адамның телефонын ұрлап кеткені хабарланған. Оқиға туралы толығырақ.