Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылдың басынан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін көтеруді тапсырды.
"Біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді", – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән беретінін жеткізді.
"Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленеді
2027 жылдан бастап микро және шағын бизнеске тағы да үш жылдық мораторий енгізіледі