Жетісу облысында прокурорлар заңсыз діни қызметтің жолын кесті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Талдықорған қаласының прокуратурасымен діни қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізген мониторинг заңсыз діни білім беру және азаматтарды тіркеу қағидаларын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы. 

Атап айтқанда, қоғамдық қорлардың бірінің тиісті лицензиясыз діни білім берумен айналысқаны белгілі болды.

Сонымен қатар, қордың үй-жайларында 8 азаматтың тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша тіркеусіз тұрғаны анықталды. Аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-бөлігі бойынша (тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша тіркеусіз тұру) әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Анықталған заң бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Талдықорған қаласының прокуратурасы қоғамдық қорын тиісті лицензиядан айыру туралы талап арызды сотқа енгізді.

Сот шешімімен прокурордың талап қоюы толық қанағаттандырылды. Қор өкілі қойылған талаптарды мойындады.

Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысының прокуратурасы діни қызмет саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау