Қырғызстанда облыс пен аудандар таратылмақ. Олардың орнында не болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
7 облыс пен 40 ауданның орнына 20-дан астам аймақ құрылады.

Қырғызстанда әкімшілік-аумақтық реформаның екінші кезеңі аясында барлық облыс пен ауданды тарату жоспарланып отыр. Бұл туралы «Кабар» радиосының эфирінде Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттік директоры Элчибек Жантаев мәлімдеді, деп жазды 24.kg. 

Оның айтуынша, қазіргі жеті облыс пен 40 ауданның орнына 20-дан астам жаңа әкімшілік бірлік – аймақ құрылады. Олар аудандардан үлкен, бірақ облыстардан кіші болады. Реформа қолданыстағы аудандарды біріктіріп, олардың негізінде аумағы ірі жаңа әкімшілік бірліктер құруды көздейді.

Элчибек Жантаевтың болжамынша, мысалы, Ыстықкөл облысын солтүстік және оңтүстік аймақтарға бөлуге болады.

Ал Жалал-Абад және Ош облыстарындағы шағын аудандарды даму әлеуеті жоғары көршілес аумақтармен біріктіру ұсынылып отыр.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әкімшілік-аумақтық реформаның бірінші кезеңі сәтті өткенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, Қырғызстанда реформаның екі жылында ауылдық аймақтардың саны 452-ден 231-ге дейін қысқарған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау