Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25% деңгейінде қалдырды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
2026 жылғы инфляция болжамы өзгерген жоқ.

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстандағы жылдық инфляция тамыз айында 9,8%-ға дейін баяулаған. Дезинфляциялық процесс қатарынан 11 ай жалғасып келеді. Тамақ өнімдері бағасының өсу қарқыны да төмендеген. Тамызда азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін баяулаған.

Ұлттық банк бұған маусымдық факторлардың әсер еткенін атап өтті. Күзгі кезеңде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы айтарлықтай төмендеп, импорт көлемі де азайған.

"Сонымен қатар сыртқы сектордағы жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. Таяу Шығыстағы қақтығыс энергия ресурстарының қымбаттауына және сыртқы инфляциялық қысымның күшеюіне әсер етуде. Әлемдік азық-түлік бағасы дәнді дақылдар мен өсімдік майының қымбаттауына байланысты біршама өскен. Бұл ретте ет бағасы ұзақ уақыттан кейін алғаш рет төмендеген. Сыртқы секторда жағдай әлі де тұрақсыз. Таяу Шығыста жалғасып жатқан қақтығыстың салдарынан энергия көздері қымбаттап кетті, сондай-ақ сыртқы инфляциялық қысым күшейіп отыр", – деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұлттық банк Қазақстандағы 2026 жылғы инфляция болжамын 9-11% деңгейінде сақтап отыр.

Ведомствоның бағалауынша, сыртқы және ішкі факторлар инфляцияға қысым көрсетуді жалғастырады. Осыған байланысты базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде сақтау туралы шешім қабылданған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау