Тікелей эфир

ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар 10-13 тамызда қайта тапсыра алады. Бүгін өтініш қабылдау басталды

Бұл тестілеу ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін жасалып отыр. 

Өтінімдер 4 тамыздан бастап, 6 тамызға дейін қабылданады. Оған Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы тіркелуге болады. 

Бұл тестілеу ҰБТ-да шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін жасалып отыр. 

Аталған ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады. Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

"Өкінішке орай, қаңтар-маусым аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкер шекті балл жинай алмады. Олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шекті балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет", – деп түсіндірді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев. 

Еске салсақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл да оқушылардың мектепке формасыз баруға рұқсат берілетіні туралы мәлімдеген еді. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары