Алматыда 2027 жылдан бастап көмір сатуға тыйым салынуы мүмкін

Алматыда көмір сатуға тыйым салынуы мүмкін. Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда көмір сатуға тыйым салынуы мүмкін. Фото: Алматы әкімдігі
Алматыдағы көмір базалары жыл соңына дейін жұмысын тоқтатуы мүмкін.

Алматыда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шығарындылар деңгейі төмен аймақ (LEZ) аумағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр. Осыған байланысты қаладағы көмір базаларын Алматы облысына көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көмір базаларын көшіру туралы тапсырманың орындалу барысы қаралды. Жоспарға сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін қалалық көмір базаларына теміржол арқылы отын жеткізу тоқтатылуға тиіс.

"Отырыс барысында бұған дейін берілген тапсырмаға қарамастан, кейбір көмір базаларында отынды түсіру және сату әлі де жалғасып жатқаны айтылды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, қазір қаладағы көмір базаларында шамамен 24 мың тонна отын бар. Оның 22,8 мың тоннасы, яғни 95 пайызы – кірпіш зауыттарына арналған ұсақ фракциялы көмір. Қолданыстағы көмір алаңдарын жалға алу шарттарын бұзу жұмыстарын 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған. Бұл шаралар Алматыдағы атмосфералық ауаның ластануын азайтуға бағытталған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр", – делінген хабарламада.

Қалада шағын және орта бизнес нысандарын қатты отыннан газға көшіру жұмыстары да жалғасып жатыр.

Eco Almaty ЖШС мәліметінше, газға көшіру бағдарламасына енгізілген 2 395 нысанның 1 879-ы табиғи газға қосылған. Қалған 516 нысан әлі де қатты отын пайдаланып отыр. Оларды газға көшіру жұмыстары LEZ аймағын кезең-кезеңімен енгізу және атмосфералық ауаны қорғау талаптарын ескере отырып жалғасуға тиіс.

Жеке тұрғын үйлерді газдандыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Қазір Алматының жеке секторын газбен қамту деңгейі 99,6 пайызға жеткен. Демек, үйлердің басым бөлігінде табиғи газға қосылуға техникалық мүмкіндік бар.

Еске салайық, 10 желтоқсаннан бастап Алматыдан, ал 11 желтоқсаннан бастап Астанадан Мысырдың Шарм-эль-Шейх курортына тікелей рейстер қатынайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау