Алматы мен Астанадан Шарм-эль-Шейхке тікелей рейстер ашылады

Шарм-эль-Шейхке тікелей рейстер ашылады. Фото: Depositphotos.com
Шарм-эль-Шейхке тікелей рейстер ашылады. Фото: Depositphotos.com
Шарм-эль-Шейхке тұрақты рейстер желтоқсанда басталады.

10 желтоқсаннан бастап Алматыдан, ал 11 желтоқсаннан бастап Астанадан Мысырдың Шарм-эль-Шейх курортына тікелей рейстер қатынайды. Бұған дейін бұл бағытта тек чартерлік рейстер болған, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі. 

Air Astana мәліметінше, тұрақты рейстерді іске қосу жолаушыларға билетті әуе компаниясының ресми сайты мен мобильді қосымшасы, сондай-ақ туроператорлар мен аккредиттелген турагенттіктер арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе күзгі-қысқы маусымда Мысырға саяхаттауды жоспарлағандарға ыңғайлы.

  • Алматыдан Шарм-эль-Шейхке рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшақ сағат 07:20-да көтеріледі, жолға шамамен 7 сағат 30 минут кетеді. Кері рейс сағат 12:50-де ұшады.
  • Астанадан рейстер сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Ұшу уақыты – 06:50, сапар ұзақтығы – 6 сағат 55 минут. Кері рейс сағат 11:55-ке жоспарланған. Екі бағытта да A321 әуе кемелері пайдаланылады. Уақыт әуежайлардың жергілікті уақытымен көрсетілген.

Air Astana сайтындағы мәліметке сәйкес, Алматыдан Шарм-эль-Шейхке барып-қайту билетінің эконом-кластағы бағасы – 283 690 теңге, бизнес-кластағысы – 597 864 теңге. Астанадан ұшатын жолаушылар үшін эконом-класс билеті 283 734 теңгеден басталады, бизнес-класс бағасы – 597 864 теңге.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 21 жасқа толмаған қазақстандықтар ата-анасының бірінсіз Мысырға кіре алмайды. Ал 21 жастан асқан азаматтар туристік мақсатта Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайында виза рәсімдей алады. Алайда визасыз кіру режимі екі талапты сақтаған жағдайда ғана қолданылады: турист сапар барысында Шарм-эль-Шейх аймағынан шықпауы және елде 15 күннен артық болмауы керек. Каирге, Хургадаға немесе Мысырдың басқа қалаларына баруды жоспарлаған қазақстандықтар сапарға дейін елдегі Мысыр елшілігінен виза алуға тиіс.

Еске салайық, Алматыдан Фукуок аралына тікелей туристік рейс ашылды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау