Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елордада қар жауып, көктайғақ күтілсе, Алматыда 15 қарашада жаңбыр жауады. Ал Шымкентте күндіз ауа температурасы +14 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
13 қарашада елордада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Түнде ауа температурасы -1–3 градус, күндіз 0 және +2 градус аралығында болады.
14 қарашада күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -2–4 градус аяз, күндіз 0 және +2 градус жылы болады.
15 қарашада түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ пен тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы -3–5 градус, күндіз 0 және +2 градус аралығында сақталады.
13 қарашада Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде -2–4 градус аяз, күндіз +5–7 градус жылы болады.
14 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -3–5 градус, күндіз +5–7 градус болады.
15 қарашада күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Түнде -3–5 градус аяз, күндіз +5–7 градус жылы болады.
13 қарашада Шымкентте жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады. Түнде ауа температурасы 0 және -2 градус, күндіз +7–9 градус аралығында болады.
14 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 0 және +2 градус, күндіз +9–11 градус жылы болады.
15 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде +1–3 градус, күндіз +12–14 градус жылы болады.