Шымкентте қоғамдық көлікте жолаушылардың көзінше сексуалдық сипаттағы әдепсіз әрекет жасаған 38 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам автобуста жолаушылардың көзінше әдепсіз әрекет жасап, қоғамдық тәртіп пен моральдық нормаларды өрескел бұзған.
Полиция қызметкерлері тексеру барысында оның жеке басын анықтады. Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын З. М. болып шықты. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция өкілдері мұндай әрекеттерге, әсіресе балалар да жиі пайдаланатын қоғамдық көлікте жол берілмейтінін ескертті.
"Қоғамдық тәртіпті бұзу, сондай-ақ басқа азаматтардың қадір-қасиеті мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттер заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады", – деп хабарлады полиция.