Жасанды интеллектке ғалымдар 50 млн қазақ сөзін енгізді. Мысалы, жасанды ақылға ағылшын, корей немесе қытай тілінде тапсырма берсеңіз, ол сізге мақала жазып береді, мәтінді аударады. Қажет десеңіз, фильм де түсіреді.
"Жасанды интеллект қазақтың тілін түсіну үшін, осы күнге дейін жазылған кітап, аудио, ән тағысын тағы бәрін цифрлап, жасанды интеллекте енгізу керек. Дәл осы іспен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Аитова айналысу үстінде", – деді министр Саясат Нұрбек.
Ғалым осы күнге дейін жасанды ақылға 50 млн қазақ сөзін енгізіп үлгерген.
Оқи отырыңыз: Қазақ тілінің грамматикасын жақсы білесіз бе? Тест
"Сөз" бен "сөз қолданыс" деген екі түрлі дүние. Біріншісі – тіліміздегі барлық түбір, туынды түбір тұлғасындағы жекелеген сөздер. Ал екіншісі – осы сөздердің барлық грамматикалық формасы, түрленген түрі. Қазақ тілінің екі кіші ұлттық корпусын жасап бітірдік. Биыл үшінші корпусын қолға алдық. Бұл шаралар тіліміздің қазіргі ахуалын түзетуге, түрлі сөздік жасауға, білім беру жағдайын ілгерілетуге мұрындық болады", – деді Нұрлыхан Аитова.