АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін денесі табылған адамның кім екенін анықтады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты.
Қазіргі уақытта дипломаттар Америка билігімен және марқұмның туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан.
"Орны толмас ауыр қазаға байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, шын жүректен көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта туыстарына құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға жеткізу мәселелері бойынша барлық қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қызылорда саябағындағы жантүршігерлік оқиға: жас жігіттің аяғынан айырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Әсет Құралбайдың Чикагода жоғалып кеткені өткен демалыс күндері белгілі болған еді. Ол соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі болған. Оның құжаттары мен банк карталары үйінде қалған.
15 маусымда АҚШ-та ер адамның денесі табылғаны белгілі болды, бірақ ол кезде марқұмның жеке басы ресми түрде әлі расталмаған еді.