USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.47 / 6.59
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қызылорда саябағындағы жантүршігерлік оқиға: жас жігіттің аяғынан айырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын да кесуге мәжбүр болды.

Қызылорда қаласындағы "Арай" саябағында орналасқан аттракционда болған оқиға салдарынан 18 жастағы жігіт аяғынан айырылды. Бұл туралы Informburo.kz тілшісіне Көпбейінді облыстық ауруханадан хабарлады.

"Жедел жәрдем ауруханаға өте ауыр халдегі 18 жасар жігітті (2007 жылғы) алып келді. Оған бірден шұғыл ота жасалды. Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын да кесуге мәжбүр болды: сол жақ аяғы санның жоғарғы жағынан, ал оң жақ аяғы тобығынан (толарсақ буынынан) кесілді", – деді аурухананың бас дәрігері Жақсылық Баймаханов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзған 1559 шетел азаматы елден шығарылды


Алған ауыр жарақатына байланысты қазіргі уақытта жас жігіттің жағдайы өте ауыр және тұрақсыз. Облыстық полиция департаменті аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

"Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта аталған іс аясында болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процесуалдық шешім қабылданатын болады. Істің тергелуі Қызылорда облысы полиция департаментінің бақылауында", – деді полиция подполковнигі, Қызылорда облысы ПД Анықтау басқармасының бастығы Әділ Анарбаев.

Еске салсақ, төтенше жағдай 15 маусымда болған. Оқиға түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Аттракцион жас жігіттің аяғын қысып қалған. Желі қолданушылары зардап шегушіге шұғыл түрде қан қажет екенін хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз