Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 43 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
22.20. Коронавирус жұқтырғандар саны – 2 601
- Алматы – 827;
- Нұр-Сұлтан – 471;
- Қызылорда облысы – 170;
- Шымкент – 161;
- Қарағанды облысы – 113;
- Атырау облысы – 108;
- Түркістан облысы – 107;
- Жамбыл облысы – 103;
- Батыс Қазақстан облысы – 103;
- Ақмола облысы – 91;
- Павлодар облысы – 91;
- Алматы облысы – 86;
- Ақтөбе облысы – 55;
- Қостанай облысы – 43;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
- Маңғыстау облысы – 26;
- Шығыс Қазақстан облысы – 16.
Жазылғандардың жалпы саны – 646.
Көз жұмғандар – 25.
23.05 – Алматыда 32 жастағы босанған әйел емделіп шықты. Ол осы уақытқа дейін карантинде жатқан болатын. Науқас 12 сәуірде №1 Қалалық клиникалық ауруханаға дене қызуы көтеріліп, тұмау белгісімен түскен. Алғашында одан коронавирустық инфекцияға алынған талдау нәтижесі теріс болып шықты. 14 сәуірде келіншек дүниеге ұл бала әкелді.
"Бүгін анасы ұлымен бірге бақылау талдауынан кейін үйлеріне жіберілді. Анасы да, сәби де өздерін жақсы сезінуде", – деді стационар басшысы Эрнест Қалиев.
Бүгінгі күні №1 Қалалық аурухананың босану блогында Cоvid-19 диагнозы расталған 6 әйел жатыр. Оның екеуі босанған болса, карантинде барлығы 24 жүкті әйел бар.
22.22 – Covid-19 инфекциясын жұқтырған тағы 37 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 7;
- Алматы – 13;
- Түркістан облысы – 9;
- Ақмола облысы – 2;
- Қостанай облысы – 4;
- Павлодар облысы – 2.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2 601 адам анықталды.
22.15 – Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды. Мамандар Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша, өлімнің тікелей себептерін анықтау үшін медициналық құжаттамаға талдау жүргізеді.
22.10 – 27 сәуірде Қостанай облысының Арқалық қаласында үйінде қайтыс болған 84 жастағы науқасқа қатысты талдау жүргізіледі. Арнайы құрылған комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, марқұмның өлімінің тікелей себебі анықталады.
"Науқас туралы барлық қажетті медициналық құжаттар Арқалық қалалық емханасынан және облыстық жедел жәрдем қызметінен сұратылды. Талдау нәтижелері кейінірек қосымша жарияланады", – деп хабарлады Қостанай облысының әкімдігі.
20.15 – Қызылорда облысында тағы 1 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 646 адам індеттен сауықты.
Оқи отырыңыз: Дәрігерлердің күйзеліске түсуіне не себеп? Психоаналитик түсіндірмесі
20.00 – Алматыда Covid-19 вирусынан көз жұмған науқастардың өліміне созылмалы сырқаттары себеп болған. Бұл туралы Алматының Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
"Осы уақытқа шейін қалада індеттен 8 адам көз жұмды. Олар 56-89 жас аралығындағы 4 ер және 4 әйел адам. Марқұмдардың орташа жасы – 66. Індет құрбандарының қант диабеті, семіздік, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, бауыр циррозы сияқты созылмалы кеселдері болған", – деді қаланың бас санитары.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, инфекциядан сауығып шыққандардың арасында екі жақты пневмониямен ауыратындар да болған. Мұндай науқастарды емдеу курсы 14 күннен асқан. Олар қазір амбулаториялық-емханалық қызмет өкілерінің жіті бақылауында.
19.45 – Алматыда жаңадан сырқаттанғандардың ішінде 97 жастағы әже мен 6 жасар бала бар. Барлық 23 науқас індет жұқтырғандармен байланысқаны үшін провизорлық госпитальдарда карантинде жатқан.
Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: Барлық медицина мекемелері жұқпалы аурулар ауруханасының форматында жұмыс істейтін болады
19.20 – Екібастұз қаласының әкімі карантин режимін сапалы қамтамасыз етпегені үшін сөгіс алды. Сондай-ақ, қалалық штаб басшылығы да облыс әкімінің сынына ұшырады. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұзда карантин режимі мен оқшаулау жұмыстары тиісті түрде қамтамасыз етілмегенін атап өтті. Соның салдарынан қалада Covid-19 жұқтыру қарқыны артқан. Мәселен, Павлодар облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 89 болса, науқастардың 65 пайызы Екібастұз қаласына тиесілі екен.
"Covid-19 расталған науқастардың туыстары мен байланыста болған адамдарын анықтау жұмыстары кейде берілген мерзімінен кеш жасалған. Бұдан бөлек, маған карантинге жабылған үйлердің тұрғындарынан өз-өзін оқшаулау ережелері сақталмағаны жөнінде хабарлама келіп түсуде. Бұл дегеніміз қалалық әкімдік, ТЖ бойынша қалалық оперативтік штаб жағдайды тұрақтандыру үшін дер кезінде шара қабылдамағанын білдіреді", – деді Әбілқайыр Сқақов.
Екібастұздағы сақтық шараларына көңілі толмаған өңір әкімі, қалаға денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы және басқа қосымша қызметкерлерді тексеріске жіберді. Аймақ басшысының тапсырмасымен, Екібастұзда карантин шаралары күшейтілмек.
Оқи отырыңыз: Covid-19: төтенше жағдай кезінде интернет тұтынушы үшін қауіп қандай?
18.55 – Павлодар облысында індетті 13 жастағы қыз жұқтырды. Ол Павлодар қаласының тұрғыны. Бастапқыда кәмелет жасына толмаған қызға ЖРВИ диагнозы қойылған. Ал бүгін коронавирус жұқтырғаны расталды. Қазір науқаспен байланыста болған адамдар оқшауланып жатыр. Өңірде Covid-19 жұқтырған 89 адам тіркелді.
18.40 – Тағы 16 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 1;
- Шымкент – 1;
- Шығыс Қазақстан облысы – 1;
- Қызылорда облысы – 6;
- Атырау облысы – 7.
Елімізде барлығы 645 адам ауруынан айықты.
17:50 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 39 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 10;
- Алматы – 21;
- Ақмола облысы – 1;
- Қарағанды облысы – 2;
- Павлодар облысы – 1;
- Атырау облысы – 4.
Елімізде КВИ жұқтырғандар саны – 2564
Оқи отырыңыз: Медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы. Маңызды 10 сұраққа жауап
17.40 – Алматы облысында Украина азаматынан Covid-19 табылды. Жаңадан сырқаттанған 13 науқастың арасында:
- Іле ауданының 9 тұрғыны;
- Қапшағай қаласының 3 тұрғыны;
- Украинаның 1 азаматы бар.
Ауырғандардың ең кішісі – сегіз айлық сәби. Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 86 адамға жетті.
16.20 – Алматыда коронавирус жұқтыру қарқыны бәсеңсіді. Бір тәулік ішінде індетке шалдыққандар санының өсімі 4%-ды құрады, ал апта басында көрсеткіш 15% болған. Қалада коронавирус бар-жоғын тексеретін алты зертхана жаппай тестілеу жүргізуде. Олардың екеуі жекеменшік. Осы уақытқа дейін 19,5 мың жедел тест жасалды.
"Соңғы уақытта 14 жасқа дейінгі 40-тан астам бала індет жұқтырған. Бұл балалардың кешке көшеге шыққанын көрсетеді", – деп хабарлады брифингте Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Оқи отырыңыз: #Biz birgemiz! Төтенше жағдай кезінде кімге және қандай көмек беріледі?
15.05 – Нұр-Сұлтан дәріханаларында 5 млн медициналық маска сатылатын болады. Бұған дейін қатерлі ісікке шалдыққандарға, жүкті әйелдер мен 65 жастан асқан қарттарға 300 мың маска елордалық емханаларда тегін таратылды.
"Елбасының тапсырмасы бойынша "Біз біргеміз" акциясы аясында 40 мың аз қамтылған отбасыға 2 млн маска бөлінді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды. Тағы 30 мың медициналық бетперде елорда тұрғындарына берілді", – деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
14.50 – Елімізде тағы 25 адам қауіпті кеселден жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 2;
- Шымкент – 4;
- Қызылорда облысы – 8;
- Қарағанды облысы – 2;
- Батыс Қазақстан облысы – 4;
- Ақмола облысында – 2;
- Түркістан облысы – 3.
Қазақстанда барлығы 629 адам ауруынан айықты.
12.43 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 43 адам тіркелді:
- Алматы – 2;
- Шымкент – 15;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Түркістан облысы – 5;
- Атырау облысы – 6;
- Батыс Қазақстан облысы – 1;
- Алматы облысы – 13.
Осылайша, елімізде КВИ жұқтырғандардың жалпы саны – 2 525
12.23 – Ақтауда Covid-19 вирусынан қайтыс болған әскери қызметкердің балаларынан да індет табылды. 25 сәуірде Маңғыстау облысында 6 жаңа жағдай тіркелді:
- 24 сәуірде көз жұмған әскери қызметкердің әріптесі;
- марқұм болған әскери қызметкердің 2006 және 2007 жылы туған екі баласы;
- бұрын Covid-19 диагнозы расталған полиция қызметкерімен байланыста болған құқық қорғау органдарының екі қызметкері;
- Covid-19 диагнозымен сырқаттанған полицейдің жұбайы.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі
12.05 – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Covid-19 жұқтырған науқастарды емдейтін ауруханалардың ішкі жағдайын және медицина қазметкерлерінің індетті қалай жұқтыратыны туралы қысқаша бейнеролик ұсынды. Әкім майданның алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге алғыс айтты.
"Негізгі ауыртпалық медицина қызметкерлерінің мойнында. Дәрігерлер – бейбіт күннің батырлары. Қолдаймыз. Мақтан тұтамыз. Біз сіздермен біргеміз", – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
11.24 – Алматыда КВИ жұқтырған 27 адамның барлығы бұған дейін індетпен ауырғандармен қарым-қатынаста болып, провизорлық госпитальдарда карантинде жатқан. Олардың ішінде:
- 13 – әйел;
- 10 – ер адам;
- 4 – бала бар.
Жаңадан сырқаттанғандардың ең үлкенінің жасы 80-де. Қаладағы инфекциялық стационарларда 694 адам емделіп жатыр. Науқастардың жағдайы:
- бір науқас – өте ауыр халде;
- 23 науқас – жағдайы ауыр;
- 200 науқас – жағдайы ауырлықтың орташа деңгейінде;
- қалғандары – қанағаттанарлық.
11.20 – Ақтөбеде автопарк қызметкеріне жалған ақпарат таратқаны үшін 40 АЕК айыппұл салынды. Әйел WhatsApp мессенджері арқылы Ресей шекарасынан Ақтөбеге автобустармен 500 адам әкелді және қалада коронавирус жұқтырғандардың саны статистикадан артық деп хабар таратқан.
Оқи отырыңыз: "Өзіңізге де, өзгелерге де қамқор болыңыз". Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес
11.10 – КВИ жұқтырған адамдар туралы мәліметтер:
Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы табылған 2 азамат та Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін 1964 және 1991 жылғы Түркістан облысының тұрғындары. Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометриямен тексеріп, сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 2 адамда да Covid-19 диагнозы нақтыланды.
Қарағанды қаласында коронавирусты 2 адамның жұқтырғаны анықталды, олардың біреуі 1965 жылғы ер адам, бұған дейін пульмонологиялық госпитальге жатқызылған болатын. Екінші адам 1979 жылғы ер адам, өзіне дейін вирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылған. Үшінші адам Теміртау қаласында тіркелді, ол 2007 жылғы қыз бала, өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылған.
Covid-19 Екібастұз қаласының 10 тұрғынынан табылды, оның ішінде 1998 жылғы қыз және 1969, 1970, 1972, 1973, 1980, 1983, 1991, 1996 жылдары туылған сегіз ер адамдар мен кәмелет жасына толмаған 2008 жылғы қыз бала.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын Павлодар қаласының екі тұрғыны жұқтырған, олар — 1980 жылғы ер адам, 1966 жылы туылған әйел адам. 12 адамның ішінде 11-і короновирус инфекциясын жұқтырған адаммен ықтимал қарым-қатынаста болса, біреуі жақын қарым-қатынаста болған.
Атырау облысында Covid-19 вирусын жұқтырған 10 адам Теңіз кен орнының жұмысшылары. Оның ішінде тоғызы 1996, 1992, 1983, 1992, 1993, 1980, 1979, 1970, 1960 жылдары туған ер адамдар, ал біреуі 1989 жылғы әйел адам. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған.Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды.
Оқи отырыңыз: Президенттің төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары. Толық тізім
10.15 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 66 адам тіркелді:
- Павлодар облысы – 12;
- Атырау облысы – 10;
- Түркістан облысы – 8;
- Нұр-Сұлтан – 8;
- Қызылорда – 6;
- Шымкент – 5;
- Маңғыстау облысы – 5;
- Алматы – 4;
- Қарағанды облысы – 3;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Жамбыл облысы – 2;
- Қостанай облысы – 1.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.