Тікелей эфир

Павлодар мұнай-химия зауыты бір айға уақытша жабылады

Павлодар мұнай-химия зауыты 20 маусым мен 19 шілде аралығында күрделі жөнделеді.

Жұмыс кестесін энергетика министрлігі бекітті. Зауыттың жұмысы 20 маусым мен 19 шілде аралығында уақытша тоқтатылады. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Зауыт жұмысы тоқтайтын кезеңге жанармай мен дизель қоры жеткілікті мөлшерде жинақталған: жанармай қоры – 37 мың тонна, дизель қоры – 47 мың тонна. Бұл көлем кәсіпорынды жөндеу кезінде өнімді бірқалыпты жөнелтіп отыруға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада. 

Кәсіпорынды күрделі жөндеу кезінде жұмыстың негізгі бөлігіне технологиялық жабдықтардың (құбырлар, пештер, бу құбырлары және т.б.) өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық тұрғыдан куәландыру, жөндеу және сараптау кіреді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жұмыстарды орындағанда зауыттың технологиялық объектілерін қолдануды толық тоқтату талап етіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары