Жергілікті әкімдік әлі күнге дейін инвестор табылмай отырғанын алға тартады.
Атырау облысында фармацевтикалық зауыттың құрылысы 9 жылдан бері тоқтап тұр. Өңірдің экс-әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов зауыт 800 млн дәрілік таблетка, 300 млн капсула, 78 млн ампула, 3 млн қаптама жақпа май және көктамырға құюға арналған 12 млн флакон ерітінді өндіреді деп мәлімдеген болатын. Алайда, құрылысты жүргізуге әлі күнге дейін инвестор табылмаған, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Кәсіпорынның 30 пайызын Атырау әлеуметтік корпарациясы қаржыландырып, он шақты тірек бағанасы ғана тұрғызылған. Кейін корпарация шикіліктің барын сезіп сотқа жүгінген де, қаржысын қайтарып алған.
"Жобаның бастамашысы Атырау ӘКК 2018 жылы 60 миллион теңгеден астам қаржыны кері қайтарды. Мұнымен қатар, араға бір жыл салып 810 миллионға бағаланған мүлікті берді. 2019 жылы компания барлық берілген соманы қайтарды. Алдағы уақытта Атырау ӘКК бұл жобаны қаржыландырмайды", – деді "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" баспасөз хатшысы Гүлнәз Кәрімжан.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрі-дәрмекке сараптама қалай жүргізіледі және ол не үшін қажет?
Жергілікті әкімдік зауыт құрылысын жандандыру үшін әлі де инвестор іздеп жатыр, бірақ қызығушылық танытқан компания жоқ.
"Зауыт құрылысы тоқтап тұрғаны белгілі, облыс әкімдігімен бірге инвестор іздеп жатырмыз. Алыс және жақын шетелден келетін бизнес және ресми құрылым өкілдеріне ақпарат жеткізілді. Инвестор табылғанда компания басшылығы келіссөз жүргізуге дайын, әзірге инвестор табылмады", – деді Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Гүлфайруз Маратова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
351
-
0
-
2
-
-
2Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
366
-
0
-
4
-
-
3Wildberries Алматыда логистика орталығын салуды жоспарлап отыр
-
353
-
0
-
3
-
-
4🇰🇿 Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына қатысты өзгеріс енгізілді: енді өз елінің паспорты керек
-
355
-
0
-
2
-
-
5📣 20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады
-
367
-
0
-
0
-
-
6⚡️ҰБТ-ға дайындық үшін ата-аналардан 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды
-
368
-
0
-
0
-
-
710 ақпанда "Болашақ" түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
-
352
-
0
-
0
-
-
8🚗 4 пайыз автонесие: 463 қатысушы төлем шотын алып үлгерді
-
390
-
0
-
0
-
-
9Билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға заңмен тыйым салынбақ
-
360
-
0
-
4
-
-
10Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
337
-
0
-
3
-