Белгілі продюсер Баян Алагөзова Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді. Продюсер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, Қыз Жібек фильміндегі образды еске түсірген видеода актрисаға алғыс білдірді.
Сонымен қатар продюсер Меруерт Өтекешоваға сыйлық ретінде тон тарту етті.
"Осы фильмдегі рөліңіз үшін, қазақ мәдениетіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс айта отырып, өз атымнан және жолдасымның атынан өмір бойына ай сайын 1 млн теңге беріп отырамыз", – деді Баян Алагөзова.
Баян Мақсатқызы ел мәдениетіне үлес қосқан көптеген әртіс уақыт өте келе ұмыт қалып жатады. Осыған байланысты ол меценаттарды өнер қайраткерлеріне қолдау көрсетуге шақырды.
Сонымен қатар, Алагөзова Меруерт Өтекешованы "мәңгі Қыз Жібек" әрі қазақ қыздарының символы деп атап, келесі жылы өтетін "Қазақ Аруы" байқауына құрметті қонақ ретінде шақырды.
USD:
457.9 / 460.7
EUR:
535.5 / 540.5
RUB:
5.95 / 6.07