USD: 485.1 / 488.1
  • EUR: 560.5 / 565.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Баян Алагөзованың қолына "Қыз Жібек" фильмінде Меруерт Өтекешова киген камзол қайдан түсті?

Фото Баян Мақсатқызының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Фото Баян Мақсатқызының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Мәдениет министрлігі құнды жәдігердің жеке қолға қалай өткенін анықтап жатыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсер Баян Алагөзованың "Қыз Жібек" фильмінде қолданылған камзолды киіп түскен видеосының дау тудыруына байланысты пікір білдірді

Министрліктің хабарлауынша, "Қазақфильм" киностудиясының музей қорында "Қыз Жібек" фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткені қазір анықталып жатыр.

"Қазақфильм" киностудиясы ұлттық фильмдерде пайдаланылған құнды реквизиттерді, костюмдер мен басқа да тарихи маңызы бар заттарды жүйелі түрде жинақтап, қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс ұлттық мәдени мұраны келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған", – делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильмінде актриса Меруерт Өтекешова киген тарихи қамзолды алғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялаған болатын. Алайда, бұл видео кейбір желі қолданушылардың тарапынан сынына ұшырады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз