Аяққа тұрған Руслан Берденов өзіне қолдау білдірген жандарға алғыс айтып пост жазды

Фото: Руслан Берденовтің facebook парақшасы
Фото: Руслан Берденовтің facebook парақшасы
Ол ауруханадағы 3 аптаға созылған күндерінің аяқталғанын хабарлады.

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзін атып кеткеннен кейін facebook желісінде алғашқы постын жариялады. 

"Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Алайда, сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді", – деп жазды ол. 

Сондай-ақ, Берденов ауруханадан шыққанын және жұмысқа қайта кірісетінін де хабарлады. 

Фото: Руслан Берденовтің facebook парақшасы 

 

"Міне, 3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді... Осы уақыт ішінде мен еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігіне көз жеткіздім. Ақ халатты абзал жандарымыздың мейірімі мен кәсібилігі де ризашылығымызға әбден лайық", – деді Руслан Берденов. 

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын.

Ол бірнеше жерінен жараланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Полиция дерегінше, Берденовке "Сайга-12" маркалы қарудан үш рет оқ атылған, оның екеуі денесіне тиген. 


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары