USD: 468.9 / 471.5
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.59 / 5.71
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Таиланд елге құрметпен қарамаған шетелдік туристерді бюджет есебінен билет әперіп қайтарады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бірақ, бұдан кейін олардың Таиландқа қайта кіруіне шектеу қойылады.

Таиланд корольдігінің үкіметі елдің заңдары мен қоғамдық мәдениетіне құрметсіздік танытып, тәртіп бұзатын шетелдік туристерді жедел еліне қайтаруды жоспарлап отыр. Көші-қон заңнамасына осы нормаларды көздейтін өзгерістер әзірленіп, талқыланып жатыр. 

Бұл бастамаға Таиландтың премьер-министрі Анутхин Чанвиракун да қолдау көрсетті. 

Жаңа тәртіпке сәйкес, ең алдымен Таиланд аумағына заңсыз кірген немесе визасының мерзімі аяқталғанына қарамастан, елден кетпеген шетелдіктерге жедел депортация шарасы қолданылады. Таиландта рұқсатсыз жұмыс істеп, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан шетел азаматтары да осы санатқа енгізіледі. Сондай-ақ, Таиландтың қоғамдық әдеп нормаларына, ұлттық мәдениетіне және тарихи-мәдени мұра нысандарына құрметсіздік танытқан шетелдіктер де тез арада ел аумағынан шығарылады. 

Үкімет өкілдерінің айтуынша, Таиланд билігі қажет болған жағдайда еліне қайтарылатын шетелдіктер үшін бюджет есебінен билеп алып беруге де дайын. Өйткені, шетел азаматын арнайы мекемеде ұстау шығыны оған ұшақ билетін алып беруден әлдеқайда қымбатқа түседі. 

Еске салайық, Таиланд шетелдік туристер үшін визасыз режимді 30 күнге қысқартты. Мұны ел билігі Таиландқа кеп, заңсыз жұмыс істеп, тәртіп бұзатын шетелдіктердің санының өскенімен байланыстырды

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау