Отандық лоукостердің әуе паркі тағы бір жаңа ұшақпен толығады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Компанияның жиырма тоғызыншы ұшағы "Атрия атауына ие Airbus A320neo ұшағы болмақ.

Қарашаның бірінші жартысында Францияның Тулуза қаласындағы Airbus компаниясынан 188 жолаушыға арналған Airbus A320neo ұшағы Қазақстанға жеткізіліп, ол FlyArystan лоукостерінің әуе паркін толықтырады. 

Қазір Тулузада ұшақты техникалық қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. FlyArystan мамандары қозғалтқыштар мен ұшақ корпусын қарап, жүйелерін, салонын және техникалық құжаттамасын тексеруде. Жердегі тексерулер аяқталғаннан кейін қабылдау рейсі жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша әуе кемесі ресми түрде компанияға табысталып, Қазақстанға жол тартады.

Жаңа ұшақ Оңтүстік Үшбұрыш шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдыз – Атрияның атауын иеленді.

Фото: Flyarystan

Компанияның хабарлауынша, A320neo – Airbus компаниясының жаңа буындағы тар фюзеляжды ұшағы. Pratt & Whitney PW1127G-JM қозғалтқыштары мен Sharklets қанат ұштарының арқасында ол алдыңғы буын ұшақтарымен салыстырғанда бір жолаушыға шаққандағы отынды шамамен 20%-ға аз тұтынады. Ал ұшу және қону кезіндегі шу деңгейі екі есеге жуық төмен. Жаңа ұшақтың қосылуымен FlyArystan әуе паркіндегі жаңа буын әуе кемелерінің үлесі шамамен жартысына жетеді.

Әрбір жаңа әуе кемесі 40-60 тікелей жұмыс орнын (ұшқыштар, бортсеріктер, инженерлер және жерүсті персоналы) қамтамасыз ете алады. Бұған қоса, техникалық және жерүсті қызмет көрсету, әуежай қызметтері сияқты аралас салаларда тағы 100-150 жұмыс орнын қолдауға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау