Ерлан Қарин Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың берілмеуіне қатысты түсініктеме берді

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
2000 жылдардан бері бұл мемлекеттік сыйлық 60-қа жуық адамға берілген.

Қазақстанның вице-президенті Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның төрағасы Ерлан Қарин комиссияның 2026 жылы сыйлықты ешкімге бермеу туралы қабылдаған шешімін түсіндірді. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. 

"Конкурсқа түскен үміткерлердің барлығын сыйлаймыз, құрметтейміз. Олар төл руханияттың дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан белгілі тұлғалар. Өзім де бірқатарын жеке танимын. Бірақ Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық. Осының аражігін ажыратып алған дұрыс. Атақты біреуге ұнау немесе жағу үшін, ренжіп қалмасын деген себеппен беретін болсақ, өнер одан дамымайды, бұл атақтың мәртебесі артпайды", – деп жазды Ерлан Қарин. 

Оның сөзінше, бұл мәселеде тәртіп үстем болуы тиіс. Ұсынылған туындылардың барлығы дауысқа салынғанымен, дауыс беру қорытындысы бойынша бірде-бір жұмыс Комиссия мүшелерінің айқын басым дауысына ие болмаған. Керісінше, жұмыстарды қолдамағандар мен қалыс қалғандардың үлесі басым болды. 

"Мысалы, 2023 жылы гуманитарлық ғылымдар саласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік сыйлық лайықты жұмыстардың жоқтығына байланысты берілген жоқ. Сондықтан конкурс болғасын оның нәтижесі де әртүрлі болуы мүмкін, оны дұрыс қабылдау керек. Отырыстың соңында Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа тұтастай реформа керек екені айтылды. Бұл пікірді кешелі бері желі қолданушылары да қолдап жазуда. Шынында да, мемлекеттік сыйлықты беру тәртібі қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес келмейді. Сыйлықтың талап, тәртібі ғана емес, мазмұны мен сипаты да өзгеруі керек. Мысалы, әлемдегі ең беделді Нобель сыйлығы 50 не 70 жасқа толғаны үшін емес, жаңалық пен жаңашылдық үшін беріледі. Сол сияқты Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты мерейтой иесіне, үміткердің материалдық жағдайына және басқадай себептерге байланысты ұсыну жалпы дұрыс емес. Сондықтан, мемлекеттік сыйлық тәртібі мен ережесіне үлкен өзгеріс енгіземіз", – деді Ерлан Қарин. 

Айта кетейік, 2000 жылдардан бері Абай атындағы мемлекеттік сыйлық 60-қа жуық адамға берілген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау