USD: 469.1 / 471.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Шымкентте арақ жасайтын астыртын цех жойылды

Тінту кезінде 3 мың бөтелкеге жуық контрафактілік алкогольдік өнімдер тәркіленген.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті контрафактілік алкоголь өнімін өндіретін астыртын цех қызметінің жолын кесті.

Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық "Родная степь", "Русская на бруньках", "Тау эксклюзив" контрафактілік алкогольдік өнімдер табылған. Сондай-ақ, 1 мың литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 мыңнан астам бос бөтелкелер табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылады.


Оқи отырыңыз: Арақсыз өмірге көшкен ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартуға шақырады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз