Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге төмендеп, 450,69 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 452,59 теңге.
Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 446,06 теңгеден сатып алынып, 453,06 теңгеден сатылып жатыр.
Елорданың айырбастау пункттеріндегі басқа валюталардың бағамы мынадай:
- еуро 498,13 теңгеден сатып алынып, 508,14 теңгеден сатылады;
- рубль 5,23 теңгеден сатып алынып, 5,43 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 450,66 теңгеден сатып алынып, 452,44 теңгеден сатылып жатыр.
Қаладағы еуро бағамы 504,49–508,75 теңге аралығында. Ал рубль 5,24 теңгеден сатып алынып, 5,35 теңгеден сатылуда.