Отандық лоукостердің ұшағы алғаш рет Ақтаудан Ыстанбұлға аттанды

Фото: FlyArystan
Фото: FlyArystan
Енді Ақтаудан FlyArystan ұшақтарымен шетелдің 6 қаласына баруға болады.

Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясының Ақтау – Ыстанбұл бағытындағы алғашқы рейсі көкке көтерілді. 

27 қазаннан бастап рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Осылайша, енді Маңғыстау облысының тұрғындары Ыстанбұл қаласына тікелей ұша алады, ал Ыстанбұлдан келетін саяхатшылар үшін Қазақстанның Каспий жағалауына жету мүмкіндігі кеңейеді.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, бұл рейс Маңғыстауды шетелдік туристер үшін қолжетімді етіп, өңірдің көрікті жерлерін халықаралық деңгейде кеңінен танытуға және облыс тұрғындарына жаңа саяхат мүмкіндіктерін ұсынуға ықпал етеді.

"Халқымыз Маңғыстауды "ашық аспан астындағы мұражай" деп бекер атамаған. Өңіріміз Каспий теңізінің жағалауымен, қайталанбас табиғатымен және бай тарихи-мәдени мұрасымен ерекшеленеді. Биыл Маңғыстаудың бес жерасты мешіті – Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата, Қараман ата және Сұлтан епе ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Бұл өңірдегі киелі орындарға саяхат пен мәдени туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді ол. 

Айта кетейік, Ақтау – FlyArystan әуе компаниясының Қазақстанның батысындағы хабтық станциясы және Алматы мен Астанамен қатар орналасқан негізгі базаларының бірі. Ыстамбұлдан бөлек, FlyArystan Ақтаудан Баку, Батуми, Дубай, Кутаиси және Үрімжі қалаларына халықаралық рейстер орындайды. Биылғы 16 желтоқсаннан бастап Ереванға аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері рейстер ашу жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау