Астанада есірткіні печеньеге салып сатқан бес ер адам ұсталды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Астанада жалдамалы пәтерден марихуана, гашиш және есірткі қосылған печенье табылды.

Астанада 30 жастағы бес ер адам есірткі заттарын печеньенің ішіне салып, тәулік бойы сатқан деген күдікке ілінді. Полиция олардың жалдамалы пәтерінен 12 келіге жуық түрлі есірткі заттары мен әрқайсысының салмағы 100 грамм болатын 238 печенье тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы комитеті хабарлады.

Полиция мәліметінше, күдіктілерге қатысты тексеру "Пепе" деп аталатын интернет-дүкенге байланысты басталған. Астана қаласының полициясы Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, бес ер адам жалдап тұрған пәтерге арнайы операция жүргізген.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, күдіктілер есірткіге тәуелді адамдарға марихуана, гашиш, каннабис шайыры және каннабис тобына жататын басқа да есірткі заттарын тәулік бойы сатқан.

Пәтерден 238 печенье мен 12 келіге жуық есірткі табылды

Тінту кезінде пәтерден екі пакет печенье табылған. Тергеу мәліметінше, күдіктілер каннабис шайырын печеньенің ішіне салып, сатқан.

"Полиция әрқайсысының салмағы 100 грамм болатын 238 печенье тапты", – деп хабарлады Бақытжан Әмірханов.

Бұдан бөлек, пәтерден жалпы салмағы 12 келіге жуық түрлі есірткі заттары тәркіленген. Олардың ішінде 8 келіден астам марихуана, 1,5 келі гашиш және 2 келі каннабис шайыры бар. Күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың процессуалдық мәртебесі мен іс бойынша өзге де мәліметтер әзірге нақтыланбаған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау