2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға көп, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Қыркүйек айында елде 19 377 жеңіл автокөлік шығарылды. Өндіріс көлемі 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 66,4%-ға, ал биылғы тамызбен салыстырғанда 35,5%-ға артқан.
Жеңіл автокөліктің басым бөлігі Алматы мен Қостанайда шығарылады
Қазақстанда автокөлік өндірумен 12 кәсіпорын айналысады. Жеңіл автокөлік өндірісінің негізгі көлемі Алматы қаласы мен Қостанай облысына тиесілі.
Алматының үлесі 50,5% болса, Қостанай облысының үлесі 49,5%-ды құрайды.
Автокөлік өндірісінің көлемі 1,67 трлн теңгеге жетті
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында «Автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер» санатындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі ақшалай мәнде 1,67 трлн теңгеге жетті. Осы санаттағы өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,9% болды.
Қыркүйекте өндірілген өнімнің ақшалай көлемі 198,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2026 жылғы тамызбен салыстырғанда 25,7%-ға, ал 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 10,5%-ға жоғары.