БАӘ-нде қасақана адам өлтіру жазасы екі есе күшейді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Мұндай қылмыс түрін жасағандар ең кемі 15 жылын түрмеде өткізеді.

Біріккен Араб Әмірліктерінде қасақана кісі өлтіргені үшін бас бостандығынан айыру мерзімі ұзартылды. Жазаның ең төменгі мерзімі 7 жылдан 15 жылға дейін, ал ең жоғары мерзімі 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Khaleej Times басылымы хабарлады.

Өзгерістер БАӘ-нің қылмыстар мен жазалар туралы федералдық декрет-заңына енгізілген түзетулерде қарастырылған. Атап айтқанда, адам өлтіргені үшін жазаны реттейтін 384-баптың 3-тармағына өзгерістер енгізілген.

Жаңа ережелерге сәйкес, қаза тапқан адамның мұрагерлері қысас құқығынан, яғни кек алу қағидатына негізделген жазаны талап ету құқығынан сот талқылауының кез келген кезеңінде немесе үкім орындалғанға дейін бас тарта алады. Мұндай жағдайда сот істің мән-жайын және қолданыстағы заңнама нормаларын ескере отырып, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды.

Сонымен бірге марқұмның туыстарының кінәліні кешіруі оны қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Түзетулер қысас құқығынан бас тартылған жағдайда қолданылатын жазаны қатаңдатуды көздейді.

Сондай-ақ жәбірленуші тараптың немесе қаза тапқан адамның мұрагерлерінің өтемақы талап етуден бас тартуы айыпталушыны ақтауға негіз болмайды әрі қылмыстық қудалауды тоқтатпайды.

Мемлекет қоғамды қорғау және ауыр қылмыстардың алдын алу мақсатында кінәліге жаза тағайындау құқығын сақтайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау