Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы дәстүрлі "Қазақ журналистикасының үздіктері" байқауының аясында марқұм журналист Индира Жылқайдарованың атындағы арнайы марапатты тағайындады.
"Қазақ журналистикасының үздіктері – 2026" байқауының жеңімпаздарын марапаттау аясында тележурналист Индира Жылқайдарованың есімі де аталып, кәсіби еңбегінің құрметіне үздік әріптеске арнайы марапат табысталады. Индира Жылқайдарованың өмір жолы білімге құштарлықтан, үздіксіз ізденістен және таңдаған мамандығына деген адалдықтан бастау алды. Өңірлік телеарнадан республикалық ақпарат кеңістігіне дейінгі кәсіби жолында ол тілші, сараптамалық бағдарлама қызметкері, шығарушы редактор ретінде еңбек етті", – деп жазды Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы.
Оның айтуынша, Индира Жылқайдардан бөлек, бұған дейін өмірден өткен басқа да бірқатар журналистің атындағы марапаттар табысталады. Олардың қатарында Марат Қабанбай, Жолдасбек Дуанабай, Сәкен Орынбасарұлы, Бақытгүл Мәкімбай, Тілеуғабыл Мыңжасарұлы және Айнұр Сыдықова бар.
Белгілі журналист Индира Жылқайдарова дүниеден өтті