Жол апатын азайту үшін Қазақстанда қандай шаралар қолға алынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Олжас Бектенов жол қауіпсіздігін арттыру жоспарын жариялады.

Қазақстанда 2025–2028 жылдары облысаралық және ауданаралық жолдардың 10 мың шақырымы орташа жөндеумен қамтылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Құрылтай депутатының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Жол апатын азайту үшін қандай шаралар қолға алынады?

Үкімет басшысының айтуынша, жол-көлік оқиғаларының ауырлығын төмендетудің тиімді тәсілдерінің бірі – қарама-қарсы бағытта қозғалатын көлік ағындарын бөлу. Бұл үшін бірқатар жолды I техникалық санатқа ауыстыру көзделген. Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдардың апат қаупі жоғары учаскелерінде инженерлік шаралар жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025–2028 жылдары жол жөндеу жұмыстары кезінде апат қаупі жоғары учаскелерді жоюға басымдық беріледі.

Жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауға қаржы бөлінеді

Олжас Бектеновтің мәліметінше, жоспарланған жұмыстарды қаржыландыру Қазақстанның Даму Банкінің қаражаты есебінен толық көлемде қамтамасыз етіледі. Ақылы жолдардан жиналған қаражат республикалық жолдарды күтіп-ұстауға және жол техникасы паркін жаңартуға жұмсалады. Жол жабынындағы ақаулар анықталған жағдайда, ақы алуды уақытша тоқтата тұру нормасы да енгізілген.

Бұдан бөлек, апат қаупі жоғары учаскелерде жылдамдық режимін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейтін кешендерді қолдану аясы кеңейтіліп, профилактикалық жұмыстар күшейтіліп жатыр. Сондай-ақ әр мемлекеттік органның міндеттерін айқындайтын Жол қауіпсіздігі стратегиясы әзірленіп жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау